Тоқаев Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жүргізді

Тоқаев Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жүргізді
Фото: gov.kz, gurk.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Қанат Ниязбеков Қарулы Күштер Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget