Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі, 26 қыркүйекте елдің Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне тексеру жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақордаға" сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды", - делінген хабарламада.
Комиссия құрамына:
- Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;
- Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;
- Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
- Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы;
- Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы;
- Тәкиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;
- Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары;
- Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
- Әмрин Азамат Кемеңгерұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
"Комиссия жеті күн ішінде атқарылған жұмыстың алғашқы нәтижелерін баяндауға тиіс. Осы өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді", - делінген хабарламада.
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде 14 әскери қызметші қаза тапты. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
Іс бойынша Қарулы күштердің бес лауазымды тұлғасы ұсталды. Олардың барлығы күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұсталғандардың арасында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ, теңіз жаяу әскерлері ротасының және катердің командирлері бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz