Тоқаев Кореяның Ұлттық Ассамблея төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы У Вон Шикпен кездесті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев У Вон Шиктің Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапары елдеріміз арасындағы тығыз қарым-қатынастардың дәлелі екенін айтты.

Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы санқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтті.

Мемлекет басшысы тараптардың парламентаралық ықпалдастықты жандандыру жолындағы күш-жігеріне қолдау білдірді. Бұл – саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту ісінің маңызды тетігі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!