Ақордаға Корея президенті келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!