Конституциялық кеңес ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтінішін қарауға қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Конституциялық кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады", - делінген хабарламада.
Конституциялық заңға сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр. Конституциялық кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатыны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!