Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев көк паспорттың мән-маңызы туралы тағы бір мәрте айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Көк паспортымыз ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышанына айналды. Жыл өткен сайын төлқұжатымыздың абырой-беделі көтеріліп келеді. Бұл халықаралық қауымдастықтың бізге деген қызығушылығы артып, еліміздің ықпалы күшейе түскенін көрсетеді. Әр құрлықтағы түрлі мемлекеттің азаматтары тұрақты тұру немесе демалу үшін біздің елді жиі таңдайтын болды. Бұл кездейсоқтық емес. Қазақстан беделді халықаралық рейтингтердегі қауіпсіздік индексі бойынша айналамыздағы көптеген мемлекеттің бәрінің дерлік алдында тұр. Ал заң үстемдігі индексіндегі "Тәртіп пен қауіпсіздік" көрсеткіші бойынша 142 елдің ішінен 43-орынға табан тіреді", - деді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін де Президент көк паспортымызды бүкіл әлем танитынын, құрметтейтінін мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова