Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Президент бүкіл түркі дүниесіне танымал ғұлама Қожа Ахмет Ясауидың және осында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан