Тоқаев ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдап, қызметтеріне табыс тіледі.

Президент қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісінде ҚХА ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу барысында Президентке Ассамблеяның алдағы XXXIV сессиясына дайындық барысы және осы институттың 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыруға Ассамблеяның барлық этномәдени бірлестігі мен қоғамдық құрылымдарын кеңінен тарту маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Президент этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!