Тоқаев Кения президентін қарсы алды

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!