Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесшілерін ауыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
- Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.
- Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
- Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босатылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз