Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев газ және энергетика саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен газ және энергетика мәселелері жөнінде шұғыл кеңесі өтті.
Жиын барысында еліміздің энергетикалық жүйесінің қазіргі жағдайы қарастырылды, сонымен қатар қысқы жылыту маусымына қатысты мәселелерге айрықша көңіл бөлінді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша Президент еліміздің энергетика жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа қуат өндіруші көздерді дамытуға бағытталған кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!