"Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы ауысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Президент Жарлығымен бұл қызметке Ренат Бектұров тағайындалған.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ренат Нұрмолдаұлы Бектұров "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!