Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Оның орнына Жандос Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!