Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында ауыс-түйіс жүргізді

Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында ауыс-түйіс жүргізді
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Оның орнына Жандос Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget