Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстан Республикасының Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз