- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Қазақстанның әскери...
Тоқаев Қазақстанның әскери доктринасына өзгеріс енгізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әскери доктринасына өзгерістер енгізетін жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжат 2022 жылдың 12 қазанында жарияланды.
- Әскери-саяси және әскери-стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында қарсы тұратын мемлекетті немесе өңір мемлекеттерін "қару-жарақ бәсекесіне" тарту, қарулы қарсы күресте олардың ресурстары мен мүмкіндіктерін сарқылту үшін әскери күш көрсету жүзеге асырылуы мүмкін.
- Әскери жанжал басталғанға дейін және қарулы күрес барысында мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыру, оның әскери және әскери-экономикалық әлеуетін төмендету мақсатында мемлекеттің әскери ұйымының ақпараттық жүйелеріне, елдің күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне бағдарламалық-техникалық әсер ету (кибершабуыл) жүзеге асырылуы мүмкін.
- Әлемдік аренада мемлекет айналасында теріс ахуалды қалыптастыру мақсатында ақпараттық кеңістікте күшейтілген әсер ету жүргізілуі мүмкін.
Құжаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина