Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес биылдан бастап 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.

"Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады", – деп жазылған құттықтауда.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!