Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала - бауыр етіміз. Олар - еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын!" - делінген құттықтауда.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!