Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк Туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова