- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Қазақстан -...
Тоқаев Қазақстан - Сан-Марино матчын көруге барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан - Сан-Марино матчына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін "Астана Арена" стадионына барды.
Кездесу Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.
Ойынға сонымен бірге Олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова мен Дмитрий Баландиндер барған.
Қазақстан мен Сан-Марино әнұрандары шырқалды.
Ойын басталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан