Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Литва арасындағы келісімге енгізілген өзгерістерді ратификациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысы "1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген құжатта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!