Тоқаев Қазақстан мен Қытай экономикасы туралы айтты

Тоқаев Қазақстан мен Қытай экономикасы туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан мен Қытай экономикасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз экономикалық ынтымақтастық саласында тамаша нәтижелерге қол жеткіздік, бірақ алға жылжу керек. Сондықтан Қытай өркениетінің бесігі саналатын Сиань қаласына алдағы сапарымды асыға күтемін. Менің ойымша, бізге жаңа келісімдер, жаңа мәмілелер қажет, өйткені бір орында тұрып, белгілі бір нәтижелерді күтпеуіміз керек. Біз осы күрделі әлемде экономикалық байланыстарымызды ілгерілетуге күш салуымыз керек. Мен екі елдің жастары арасындағы ынтымақтастық пен достықты дамытуды берік ұстанамын. Жас ұрпақ бір-бірін көбірек білуі керек", - деді Президент. 

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен халықтарды жақындастырудың өзара тиімді саясатын жүргізуге келіскенін айтты.

"Қытай біздің сыртқы саясатымызда өте маңызды роль атқарады. 2019 жылғы қыркүйекте мен Қытайға мемлекеттік сапармен бардым. Төраға Си Цзиньпинмен тамаша келіссөздер жүргіздік. Біз халықтарымызды жақындастырудың өзара тиімді саясатын жүргізуге келісті. Бұл екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті, мәңгілік достықты ілгерілетуіміз керек дегенді білдіреді. Бұл көбіне қазақ халқының мүддесі, ұзақ мерзімді мүддесі деп ойлаймын және мен бұл саясатты берік ұстанамын. Және, әрине, ең жақын көршіміз Қытаймен стратегиялық серіктестіктің маңыздылығына еш күмәніміз жоқ", - деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап беретіні хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек