- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Қазақстан мен...
Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан мен Қазақстан шекарасы туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы (карта 1:200 000) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Сенат бұл заң жобасын 16 ақпанда мақұлдады. Хаттаманың негізгі мақсаты - Қазақстан мен Қырғызстанның шекара өкілдері өз қызметтерін орындауға жауапты болатын мемлекеттік шекара учаскелерінің шегін анықтау.
Хаттамаға сәйкес екі елдің үкіметтері мына учаскелерді белгіледі: Қазақстан тарапынан Алматы, Қордай және Тараз учаскелері; Қырғызстан тарапынан Ыстықкөл, Шу және Талас учаскелері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова