Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франциямен Қазақстанда Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!