Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясында ауыс-түйіс жүргізді

Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясында ауыс-түйіс жүргізді
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясында бірқатар ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, былтыр да Қазақстан халқы Ассамблеясында тағайындаулар жүрді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget