- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Қазақстан халқы...
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясында ауыс-түйістер болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметін атқарған тұлғалар қызметінен босатылды.
"Тауфик Акрамович Каримов және Наталья Григорьевна Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дяк бұл қызметке жаңадан тағайындалды.
"Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова