Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Грекия матчін тамашалайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мыңдағкн қазақстандықтармен қатар бүгін түнде Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы футбол матчінің трансляциясын тамашалайды. Президент біздің спортшыларымызды шын жүректен қолдап, жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп сенеді", - дейді Берік Уәли.
Еске салайық, 22 наурызға қараған түні сағат 00:45-те Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы матчі өтеді.
Бұл матч команда үшін Еуро 2024-ке жолдама алу үшін шешуші ойын болмақ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!