Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан дамуы бойынша жиын өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің төрағалығымен 19 сәуір күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді.
Жиынға Премьер-министр, Парламент палаталарының спикерлері, Президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!