Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан барысы – 2025" турнирінің жеңімпазын құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Марат Байқамұровты қазақ күресінен "Қазақстан барысы – 2025" турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын!
Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты.
Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!