Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, күштік құрылымдар басшыларына, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялар жетекшілеріне, сондай-ақ, аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына жүктелді.

Еске салайық, бұған дейін де Президент Ирандағы жағдайға байланысты шұғыл жоспар дайындауды тапсырды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget