Тоқаев қатысатын халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұрат Нұртілеу министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді.

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, сондай-ақ Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөз жүргізгенін айтты.

Кездесуде Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!