Қазақстан Президентін Дохадағы "Хамад" халықаралық әуежайынан Қатар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 14 ақпан күні Қатар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!