- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Каспий маңы...
Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының саммитіне қатысу үшін Ашхабадқа барды
Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының саммитіне қатысу үшін Ашхабадқа барды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барды.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі.
Іс-шараға сондай-ақ сыртқы саяси ведомство басшылары – Ираннан Хосейн Амир Абдоллахиян, Ресейден - Сергей Лавров, Түрікменстаннан - Рашид Мередов және Әзербайжан СІМ басшысының орынбасары Халаф Халафов қатысты. Каспий бестігінің министрлері Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттер ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ биылғы 29 маусымда Ашхабад қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан президенттерінің қатысуымен өтетін VI Каспий саммитінің коммюникесінің жобасын келісті.
Г. Досымшалова