Тоқаев Қарулы күштерде екі қолбасшыны ауыстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштерде екі қолбасшыны ауыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!