Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштерде екі қолбасшыны ауыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!