Мемлекет басшысы вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы вице-президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды. Атап айтқанда, вице-президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова