Тоқаев Канаданың премьер-министрін құттықтады

Мемлекет басшысы Канаданың премьер-министрін құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев федеральдық сайлауда Канада Либералдар партиясының жеңіске жетуіне орай Премьер-министр Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады.
 
Мемлекет басшысы Астананың Оттавамен көпжоспарлы серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар экономиканың түрлі секторындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!