Тоқаев Канада премьер-министрін құттықтады

Тоқаев Канада премьер-министрін құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Канада премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Канада күні ұлттық мейрамына орай осы елдің премьер-министрі Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады.  

Президент еліміз Канадамен достыққа және өзара құрметке негізделген көп жылдық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Канада халқына құт-береке тіледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget