Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жошы хан" спектаклінің премьерасын көруге барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сахналанатын "Жошы хан" спектаклінің премьерасын көруге барады, - деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, "Жошы хан" - Шыңғыс қағанның үлкен ұлы, Ұлытауда Жошы ұлысының ордасын тіккен хан туралы қойылым. Авторы - Думан Рамазан, режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Қоюшы суретші - Ерлан Тұяқов
Спектакльде Нартай Сауданбекұлы, Қайыржан Садықов, Асылбек Қапаев, Жанқалдыбек Төленбаев, Жанат Оспанов, Арай Омарова, Жанар Қасымова сияқты актерлар ойнайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!