Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттер басшылары Тәуелсіздік сарайында шағын құрамда бас қосып, экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасын талқылады.

Жиынға Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин қатысты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget