Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.
"Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", - деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар, Президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Түркияда жойқын зілзала болғаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!