- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев жемқорлардан тәркіленген...
Тоқаев жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынған мектепке барды
Президент жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен салынған Астанадағы №96 мектеп-гимназиясына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Президент ТРК Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Онда oқушылар ағылшын, француз, қытай тілінде оқиды. Сондай-ақ, инклюзивті қолдау, емдік дене шынықтыру және бейіналды даярлау кабинеттері бар. Бүгінде мектеп-гимназияда арнаулы білім беруді қажет ететін 28 бала оқиды.
Мемлекет басшысы мектеп-гимназияның спорт залын, роботты техника кабинетін аралап көріп, оқушылармен әңгімелесті
"Роботты техника - перспективті сала. Мен сіздерді қолдаймын. Қазір әлем жасанды интеллектіге баса мән беріп отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл - өте маңызды бағыт. Жасанды интеллект келешекте әрбір салада пайдаланылады. Сондықтан Қазақстан осы істе озық ел болуы керек деп ойлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Президент №96 мектеп-гимназияның педагогикалық ұжымымен жүздесіп, мемлекет ұстаздардың мәртебесін одан әрі көтеруді жалғастыра беретінін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова