- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев ЖЕЭК кеңесіне...
Тоқаев ЖЕЭК кеңесіне қатысу үшін Кремль сарайына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Президентімен қатар Ресей Федерациясының президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қатысады.
Сонымен қатар, бейнебайланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек