Тоқаев жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы жобалармен танысты

Мемлекет басшысы жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы жобалармен танысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технология және робот техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне барды.

Мемлекет басшысына Qazaq AI Research University базасында жасалған AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan, ALFA жобалары, Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа мүмкіндіктері көрсетілді.

Бұдан бөлек, көрме қонақтары "Самұрық-Қазына" қоры мен Higgsfieldai компаниясының интеллектуалдық шешімдерімен және "Деректерді өңдеу орталығы алқабын" дамыту жоспарымен танысты.

Ұсынылған әзірлемелер жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік басқарудың түрлі саласына енгізуді, отандық цифрлық инфрақұрылымды қолдауды және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуды көздейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!