Мемлекет басшысы Ақтөбедегі үстел теннисі орталығына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президентке орталықтың директоры Әсет Сағымбаев нысанның жұмысы жайында мәлімет берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл спорт кешені халықаралық стандарттарға сай келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі үстел теннисі орталығының мүмкіндіктері таныстырылды.
Кешеннің барлық корты сертификатталған және құрал-жабдықтары Еуропадан әкелінген. Мұнда әртүрлі жастағы кәсіби спортшыларды дайындауға және халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар.
Бүгінде орталықта 268 бала үстел теннисімен айналысады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшы Нәби Қисанмен үстел теннисін ойнап, ракеткаға "Жаңа жетістіктер тілеймін!" деп қолтаңба қалдырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!