Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті екенін атап өтіп, ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген бірнеше азаматқа салтанатты түрде пәтер сертфикаттарын табыстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Пәтер сертификаттарына мына жас ғалымдар ие болды:
- Абилдина Айназ Қайратқызы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры;
- Молдамұратов Жанғазы Нұржанұлы – Халықаралық білім беру корпорациясының жалпы құрылыс факультетінің деканы;
- Әлия Темірхан – Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғылыми қызметкері;
- Құрманов Ерғали Бержігітұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті;
- Жанұзақ Рамазан Жақсыбайұлы – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының зертхана меңгерушісі;
- Омарова Жансая Бағдатқызы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы;
- Бакранов Нұрлан Болатұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының бас қызметкері;
- Құлтаева Шынар Мәлікқызы – Халықаралық білім беру корпорациясының қауымдастырылған профессоры;
- Байжұма Сәмет – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы.
- Әділхан Бауыржан Нүкербекұлы – Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының лаборатория меңгерушісі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!