Тоқаев жас ақын-жазушыларға қатысты жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:

  • "Проза" номинациясы бойынша "Тергеуші" туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;
  • "Поэзия" номинациясы бойынша "Құмдағы хикая" өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;
  • "Драматургия" номинациясы бойынша "Ақ киіз" драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;
  • "Балалар әдебиеті" номинациясы бойынша "Жазда атамның ауылында..." өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз