- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Жапонияның бұрынғы...
Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьеріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Жапонияның бұрынғы премьер-министріне шабуыл жасалғаны, жағдайы ауыр екені хабарланған болатын. Оған көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінен белгісіз біреу оқ атқан.
Кейінірек Синдзо Абэнің өміріне қастандық жасаған күдікті анықталды. Полиция Нара қаласында 41 жастағы Ямагами Тецуяны қамауға алды. Ол бұған дейін Жапонияның теңіздегі қорғау күштерінде қызмет еткені белгілі болды. Оқиға орнында полицейлер қолдан жасалған қаруды тәркілеген.
Ж. Қадыржанова