Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азамат қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты.  

Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстары сабырға келуіне, жарақат алған адамдар тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!