Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты

Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты
Фото: 24.kz

Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты.

"Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget